Паралимпиялық комитетте жаңа президент

Жаңалықтар
10.04.2015, 15:03

Соңғы жылдардағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті әлем мойындаған ұйымға айналып отыр.  

2013 жылдан бері Қазақстанда паралимпиялық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Аз уақытта үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті 2002 жылдан бері қызмет етеді. Алайда жүйелі жұмыс «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ бас демеушісі болған 2013 жылдан бастап қана жүйелі түрде жұмыстар жүргізіле бастады. Ал Паралимпиялық комитетті кәсіби менеджер Дархан Қалетаев басқарды. Сол кезден бастап спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы аралықта мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арнайы спорттық және басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Үлкен нәтижелерге де жетіп жатыр. 2014 жылы Халықаралық паралимиялық комитеттің сарапшыларын шақырып, пауэрлифтинг бойынша төрешілер мен классификаторларды оқыту жұмыстары жүргізілді. Республикада ҰПК-ның 12 аймақтық бөлімі ашылды. Тағы бір бөлім тіркеуден өткізіліп жатыр. Аймақтық филиал басшылары негізінен паралимпиялық спорт саласы бойынша тәжірибесі мен арнайы білімі бар азаматтардан тағайындалады.

Ұлттық Паралимпиялық комитет заңнамалық өзгерістер енгізуде де бірқатар жұмыс атқарды. Алғаш рет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға «Паралимпиялық қозғалыс, Сурдлимпиялық қозғалыс, Арнайы Олимпиада, Паралимпиялық комитет, Сурдлимпийский комитет» деген түсініктер енгізілді.

Халықаралық паралимпиялық комитеттің президенті сэр Филип Кравен Қазақстандағы паралимпиялық ойын түрлері бойынша қарқынды дамуына таңдай қаға таңғалды. Оған себеп 2014 жылы Инчхон қаласында өткен (Корея Республикасы) 11- Жазғы Азия Пара ойындарындағы біздің спортшылардың жетістіктері болса керек. Қазақстан жалпы есепте 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медальмен 11-орын алды.

Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық комитеті бүгінде әлем мойындаған, халықаралық Паралимпиялық комитетте тіркеуде. Азиялық Паралимпиялық комитеттің мүшесі.

2015 жылдың шілдесі Паралимпиялық қозғалыс өмірінде үлкен оқиға болмақ. Халықаралық Паралимпиялық комитет аясында пауэрлифтингтен Азияның ашық біріншілігі өтеді. Қазақстан 28 елден келетін 250 паралимпиялық спортшы қатысатын халықаралық турнирді алғаш рет қабылдағалы отыр.

ҰПК сонымен қатар мемлекеттік органмен бірге Риода 2016 жылы өтетін Паралимпиялық жазғы ойындарға дайындық жұмыстарымен айналысып жатыр.

Қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістеріне енді Паралимпиялық комитеттің жаңа президенті Қайрат Боранбаев бастайды. 2015 жылдың наурыз айындағы конференцияда сайланған ол, ҚР велоспорт федерациясына қызмет ауыстырған Дархан Қалетаевты алмастырды.

Сұхбат

PhotoRoom