Ердоған келді

Жаңалықтар
16.04.2015, 10:08

Бүгін Қазақстанға Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келді.

Астана Халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов қарсы алды.

Бұған дейін хабарланғандай, 16 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтеді.

Сапар аясында екі мемлекет басшысының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген.

Түркия президенті Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған нысандарының салтанатты түрде ашылуына қатысады.

Сұхбат

PhotoRoom