Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының ақпарат және талдау орталығы «Алматы тұрғындарының электоралды көңіл-күйі» деген тақырыпта зерттеу жүргізді деп хабарлайды, Tengrinews.kz.
Зерттеу сәуір айының 3-10 күндері аралығында жүргізілген. 1200 респонденттен жауап алынған талдау нәтижесінде белгілі болғандай, сайлауға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 70 пайызы қатысады.
Алматылықтар сайлау науқаны кезінде жақсы ақпараттандырылған. Қала тұрғындарының 98,7 пайызы сайлаудың 26-сәуір күні өтетінінен хабардар. Қай сайлау учаскеге барып дауыс беретінін тұрғын халықтың 91,7 пайызы біледі. Қалалық ішкі саясатқа жауапты мекеме қалғандарына сайлаушыларға тізімнен өзін қалай табу керектігін, учаске адресін түсіндіру сияқты жұмыстарын жүргіу керектігін алға тартты. 8,4 пайыз респондент дауыс беруге бармайтынын айтқан. Бірақ бұл көрсеткіш өзгеретінін айтқан зерттеушілер, осының алдындағы зерттеуде сайлауға қатыспаймын деушілер 11,3 пайыз болған дейді.