Әуе қорғанысы күштерінің курсанттарының тағылымдамасы

Жаңалықтар
16.04.2015, 11:16

Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында 19132 әскери бөлімінде екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 4 курс курсанттары штурманды тактикалық авиация мамандығы бойынша жоспарлы әскери тағлымдамадан өтуде.

Штурманды ұшуға даярлау оқу-жаттығуы курсына сәйкес Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы төртінші курс курсанттарының кешенді іс-шараларын жоспарлады.

Жоспарлы тағлымдамада практикалық және теориялық сабақтар қамтылады. Бір ай бойы сынақтан өтуші курсанттар іс жүзінде штурмандық жұмыстардың дағдыларын меңгереді, ұшақты игеру курстарын зерделеп іс жүзінде ұшуды үйренеді, навигация бағдарламасын орындайды.

Бұдан басқа курсанттар өздерінің жалпы әскери жарғы бойынша, мемлекеттік-құқықтық және дене даярлығы, сондай-ақ қызметтік міндеттері бойынша білімін көрсетеді.

Штурманды даярлық жалпы, алдын-ала және ұшу алдындағы әзірлік болып бөлінетінін айта кеткен жөн.

Сынақ барысында курсанттар ұшу кеңістігін зерделеп, картамен жұмыс жасайды, қажетті анықтамалық деректерді әзірлейді, есепті орындауда теориялық білімдері мен іс жүзіндегі машықты жетілдіреді. Алдын ала даярлау кезінде сынақ тапсырушылар ұшу бағытын картаға салуы тиіс. Аталған бағыт бойынша алдын-ала ұшу есебін орындап, ұшу шарттарын және штурманды ұшу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ ұшудың инженерлі-штурманды есебін орындайды. Курсанттар ұшуды басқару техникасы бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыратын болады. Бұдан өзге іс жүзіндегі оқу-жаттығу ұшулары түнгі ұшулар, оның ішінде жай және күрделі ауа райы жағдайларында, сондай-ақ қону жүйесін пайдалану арқылы, қозғалтқыштың істен шыққан кезіндегі қайталаушы құрылғылар бойынша ұшулар кіреді.

Әскери тағлымдамаға Әуе қорғанысы күштері әскери институтының штурман мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар: Бақыт Жанықұлов, Назар Орынбасар, Берікжан Құдайбергенов және Жанарбек Қуандықовтар келді.

Естеріңізге сала кетейік, әскери тағлымдама 2015 жылдың 21 шілдесіне дейін жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom