Еуразияның көліктік дәліздері сарапшылар назарында

Жаңалықтар
20.04.2015, 13:08

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Астана қаласында "Еуразияның көліктік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары" атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған Әзірбайжан, Иран, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Қытай елдерінің сарапшылары қатысуда. Конференцияның ашылу салтанатына ҚР Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК вице президенті Бауыржан Орынбасаровтар қатысты.

ALIM8920

Ашылу салтанатында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин:

ALIM8885

- Қазіргі жағдайда тиімді көліктік инфрақұрылым құру қажеттігі уақыт өткен сайын анық байқалып келеді. Дамыған инфрақұрылым біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдетіп, көліктік мәселелердің шешілуімен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында дәл осы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаһандық тұрақсыздық жағдайында экономикалық өсімнің негізгі тетігі деп атап өтуі бекер емес.  

Аталған сала бойынша Қазақстанда бірқатар жоба жүзеге асырылды. Олар: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы, «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол дәлізі, «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі. 

Еуразиялық кеңістікте көліктік дәліздерді әрі қарай дамыту үшін көршілес елдердің сарапшыларын да ортақ іске жұмылдырмау мүмкін емес. Сондықтан Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Әзірбайжан мен Қырғызстаннан құрметті қонақтардың келіп конференцияға қатысуы аса маңызды. 

Осы кезді пайдаланып, бүгінгі конференцияың спикерлеріне, барлық қатысушыларына және ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына алғыс айтқым келеді. Конференция қорытындысы елдеріміз арасындағы көліктік дәліздерді дамытатын жобаларға ықпал етіп, нәтижелі болады деген үміттемін.

 Жарқын Түсіпбекұлы

Сұхбат

PhotoRoom