Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА кезекті сессиясы басталды

Жаңалықтар
23.04.2015, 16:07

ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен басталған «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясына 1500-ден астам адам қатысуда.

Сессия барысында ҚХА ардагерлері, шетелдік меймандар, өңірлерден келген қонақтар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының иелері, жастар ұйымдары, тұңғыш қазақстандық шаңғышылар экспедициясының Солтүстік полюске сапарына қатысушылар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев Ассамблея Төрағасының республикалық этномәдени бірлестіктерден ұсынылатын екі орынбасарын тағайындау туралы өкімге қол қоймақ. Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы Ассамблеяның құрылған күнінен бастап қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға елеулі үлес қосқан ҚХА мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін, сонымен қатар ҚХА-ның қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыс етпек.

Сессия соңы мерекелік концертке жалғасады.

 

Сұхбат

PhotoRoom