Премьер-министр отставкаға кетуге өтініш жазды

Жаңалықтар
23.04.2015, 16:22

Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш білдірді. Өз шешімі жайлы Оторбаев бейсенбіде 2014 жылғы үкіметтің қызметі туралы есеп беру кезінде мәлім етті.

«Үкіметтің өткен жылғы есебін қанағаттанарлық деңгейде қабылдағандарыңызға рахмет. Бұл бір адамның ісі емес, тұтас команданың еңбегі. Иә, қиындықтар болды, дегенмен біз қарапайым адамдардың мәселелерін шешуге тырысып, халық алдында алған барлық міндеттемелерді орындауға күш-жігерімізді салдық деп ойлаймын және ресми түрде бұл орынтақтан отставкаға кететінім жайлы мәлімдегім келеді. Бұл шешімді жан-жақты ой елегінен өткізіп қабылдадым», - деді Ж.Оторбаев.

Оторбаев тәуелсіздік алғаннан бері Қырғызстанның 26-шы премьер-министрі болып табылады.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom