"Аманат" сайлау науқанын қорытындылайды

Жаңалықтар
24.04.2015, 08:27

Бүгін Астана қаласында «Аманат» интеллектуалды пікір-сайыс клубының кезекті отырысы өтеді. Клуб отырысының тақырыбы – «Сайлау-2015: негізгі трендтері мен қорытындылары».

Басқосуда төмендегі бірнеше мәселе қаралады:

1)      Сайлау науқаны кезіндегі саяси технологиялар, үгіт-насихат жұмыстары қалай жүзеге асырылды?

2)      Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің ролі қаншалықты болды?

3)      Дауыс беруге шақыру акциялары (атошеру, постерлер байқауы, видео және аудиожазбалардың) қаншалықты нәтижелі болмақ?

4)      Сайлаудан кейін қоғамда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

5)      Кезектен тыс президенттік сайлау кезіндегі мобильді жұмыстар алдағы парламенттік сайлауға пайдасын тигізе ме?

Отырысқа саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, PR мамандары мен медиа-сарапшылар қатысады.

Сұхбат

PhotoRoom