Электорат рекорд жасады

Жаңалықтар
26.04.2015, 22:31

ҚР Президент сайлауында Қазақстан халқының 95,11 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 95,11 пайызы сайлау бюллетенін алды», - деді ол.

В.Фоостың атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша -  96,91, Ақтөбе облысы бойынша -  96,36, Алматы облысы бойынша - 98,48, Атырау облысы бойынша - 97,75, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 97,47, Жамбыл облысы бойынша - 97,31, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 96,51, Қарағанды облысы бойынша - 97,21, Қызылорда облысы бойынша - 97,52, Қостанай облысы бойынша - 96,80, Маңғыстау облысы бойынша - 95,36, Павлодар облысы бойынша - 96,35, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 97,71, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 97,78, Астана қаласы бойынша - 94,51, ал Алматы қаласы бойынша - 78,28 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауыстарын санау жүргізілуде», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom