Импорт азайды

Жаңалықтар
08.05.2015, 10:51

Шетелден әкелiнетiн азық-түлiк тауарларының көлемi төмендей бастады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков.

«Былтыр шетелден Қазақстанға ауыл шаруашылығы тауарларының импорты азайды. Азық-түлiк импорты 6,2 пайызға кемiдi, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнен келетiн тауарлар 10 пайызға төмендедi. Импортты алмастыру бағытында оң даму бар, мәселен ет импорты 42,3 пайызға, жұмыртқа үш есе, картоп екi есеге, қияр 4,8 есеге азайды. Оның үстiне экспортымыз өсiп келедi. Былтыр бiз алғаш рет ет және ет өнiмдерiнiң 12 мың тоннасын экспорттадық, оның 7 мыңы сиыр етi. Сондай-ақ өңделген ет өнiмдерiнiң экспорты да өсуде. Шұжық және ет консервiлерiнiң экспорты тиiсiнше 9 және 2 есе өстi. Шетелге сүттi жеткiзу көлемi де алты есеге артты», - дедi ол.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан валюта бағамдарының айырмашылығына қарамастан, бұндай жағымды ахуал биыл да сақталып отыр.

«2015 жылдың екi айы iшiнде 620 тонна тауық етi экспортталды. Былтыр екi айда оның көлемi тек 141 тонна болатын. Былтыр сыр мен iрiмшiк экспорты болмаған едi, биыл ол 316 тоннаны құрады. Бұл - 2013 жылы қабылданған Агробизнес-2020 бағдарламасының алғашқы нәтижелерi», - деп түйдi сөзiн министр.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom