Сыртқы істер министрлігі модернизация үшін шет елдерді зерттейді

Жаңалықтар
13.05.2015, 09:55

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясыныің ХVI съезінде жариялаған бес институциональдық реформаларды жүзеге асыру және қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңарту мақсатында сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың тапсырмасымен ҚР СІМ жаңарту жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты - елді жаңарту үшін қажетті шетелдік тәжірибені зерделеу болмақ. Топтың қызметін жалпы үйлестіру министрдің бірінші орынбасары Р.Жошыбааевқа жүктелді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, бүгігі таңда әлемде жағдай күрделене түсуде, энергия ресурстарына және металдарға әлемдік нарықтағы бағалар құлдырауда, барлық мемлекеттер дерлік елеулі геосаяси және экономикалық қатерлерді бастан кешіруде. Қазақстан  бұл экономикалық тәуекелдерге «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатмен жауап қайтарды.

Сонымен қатар, жаһандық қатерлер мен тәуекелдердің жоғары дәрежесін ескере отырып, ҚР Президенті сыртқы факторлардың мемлекеттік құрылысқа, әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына кіруге ұмытлған даму қарқынымызға салқынын тигізуіне жол бермеу міндеттерін қойды.

Мемлекет басшысы алға қойғанн міндеттерді жүзеге асыру ҚР сыртвы істер министрлігіінң қызметінің басымды бағыты болып табылады. ҚР СІМ барлық шетелдік мекемелеріне тиісті жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

Сұхбат

PhotoRoom