Ақордада өткен жиын

Жаңалықтар
14.05.2015, 09:43

Ақордада Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын, қызметкерлердің этика сақтауы мен олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі ұсыныстар әзірлеу жөніндегі отырыс жұмысына арнайы және құқық қорғау органдарының, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында кадрлық жұмыстың жай-күйі және оның тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Кадрларды іріктеу және орналастыру жүйесін жетілдіруге, оларды кәсіби оқытуға және азаматтардың мінез-құлық этикасының үлгісін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар қызметкерлердің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің және құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау критерийлерін өзгерту мәселелері де қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ең үздік халықаралық тәжірибелерді және өз тәжірибесін ескере отырып, кадрлық жұмыстың тиімділігін, қызметкерлердің мінез-құлық этикасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге тапсырма берілді.

Сұхбат

PhotoRoom