Азаматтық мәселелер талқыланды

Жаңалықтар
14.05.2015, 09:46

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан азаматтығын алу және одан шығару мәселелері қаралған отырыс барысында Г.Әбдіқалықова егемендік жылдарында 956 мыңнан астам адам ел азаматтығына қабылданғанын, оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиетіндігін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген әлемнің әр түрлі елдеріндегі адамдар санының үздіксіз өсуі Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық сындарлы, әлеуметтік тартымды және халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясаттың жарқын көрінісі екенін атап көрсетті.

Ел Президенті Жарлыққа қол қойғаннан соң алыс және таяу шет елдерден келген түрлі ұлттың 570 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Сұхбат

PhotoRoom