Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел іс-қимыл ұжымдық күштерінің құрамындағы (ҰҚШҰ ЖІҰК) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімшелеріне қарасты басқару органдары мен бөлімдері әуе тасымалы арқылы Тәжікстан Республикасына күштер мен қажетті құралдарды жөнелте бастады.
Қазақстандықтар дербес топ. Олар өздерімен бірге техниканы, қаруларды, оқ-дәрілерді, шатырларды, дала асханасын, азық-түлікті және ЖММ алып жүруге дайын.
Аталған (ҰҚШҰ ЖІҰК) құрамға кіретін ҚР Қарулы Күштерінің күштері мен заттардың бөлігін қауырт тексеру шеңберінде әскери артиллериядан ату, сондай-ақ РХБ барлауды және қару-жарақ пен әскери техниканы газсыздандыруды жүргізуде жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін «Мәтібұлақ» (Гвардейск әскери қалашығы) оқу-жаттығу орталығына жиналды.
Шекарада бақылаудан өткізуді, басқа мемлекеттерге ұшуды, сондай-ақ әскери қару-жарақ пен техниканы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тексеруге ҰҚК, СІМ, ИДМ бөлімшелері және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ аясында халықаралық міндеттемелерге сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің атынан баратын ЖІҰК құрамына десантты-шабуылдау, арнайы мақсаттағы және авиация, артиллерия және қамтамасыз ету бөлімшелері кіреді.