Маңғыстау облысында жемқорлық асқынып тұр

Жаңалықтар
19.05.2015, 09:51

Жемқорлықпен күрестің тәсілі ретінде облыстардағы көрсеткіштердің рейтингін түзу керек сияқты. Бірақ, рейтинг жасайтын орталықтың жемқорлықтың ықпалына кетпеуіне тағы кепіл жоқ... Жыл басынан бері Маңғыстауда 110-нан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалған екен. Бұл туралы өңірдің Мемлекеттік кіріс департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы брифингте айтылды. Ведомствоның мәліметінше, биыл 4 айдың ішінде 153 тергеу жүргізілген, оның 114 фактісі жемқорлыққа қатысты болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Агенттіктің нұсқауларын орындау мақсатында Департамент бар күш-жігерін жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға бағыттап отыр. Тіркелгендердің ішінде 28 қылмыстық іс немесе 35,7 %-ы өндіріспен аяқталған, оның 10-ы сотқа жолданды. Жүргізілген жедел іздеу шараларының нәтижесінде мемлекеттік органдардың 9 лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде ұсталды», - деп мәлімдеді МКД-дан.

Анықталған қылмыстарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа ішкі істер органдарының, кедендік органдар мен әкімдіктің қызметкерлері жиі баратыны белгілі болды.

Бүгінде ұсталған азаматтардың төртеуі сотталды.

Сұхбат

PhotoRoom