Мемлекет 32 кәсіпорынға қолдау көрсетеді

Жаңалықтар
19.05.2015, 10:05

Қазақстанда экспортқа бағдарланған компанияларды қолдау жөніндегі «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы ауқымында 32 компания іріктеліп алынды, оларға экспорттық өсімді ынтыаландыратын қолдау шаралары көрсетіледі деп мәлімдеді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев кеше басқару комитетінің отырысы барысында.

«Берілген 300  өтінімнің ішінен 32 компания іріктеліп алынды, олардың 20-сы - АӨК саласы, 7-уі - машина жасау және 5-і - құрылыс материалдары өндірісі саласынан», - деді Қ. Бишімбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, компанияларды іріктеуді «McKinsey&Company».халықаралық консалтингі компаниясы жүзеге асырған. Бағдарламаға қатысу үшін өсім әлеуеті орташа және жылына айналымы 2-30 млрд. теңгені құрайтын «орта бизнес» санатындағы кәсіпорындар іріктелді. Сонымен қатар компаниялардың экспорттық тәжірибесі мен бәсекеге қабілеттілігі де ескерілді.

Қ.Бишімбаев атап өткендей, іріктелген 32 компания жылына жиыны 340 млрд. теңгеге тарта өнім өндіреді және оның 45 млрд. теңгеге жуығын Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттайды және 23 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Біз қазір барлық бастамаларды алдын ала-ала бағаладық: 32 компания таяудағы 3 жылдың ішінде шамамен 120 млрд. теңгенің әлеуетті жобаларын ұсынады. Егер бөлетін болсақ, бір жобаға орташа есеппен 3-4 млрд. теңгеден келеді», - деп атап көрсетті ол.

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы ауқымында компанияларғса еңбек өнімділігін жылына 10 пайызға ұлғайтуға және экспорттық әлеуетін қазіргі деңгейден 30 пайызға дейін өрістетуге қолдау көрсетіледі. Жобаға қатысушылар «Бәйтерек» холдингісі компаниялар тобының құралдарын пайдалануды көздейтін қаржылық қолдау қолжетімді болмақ, атап айтқанда, бұлар: банкаралық несиелеу, лизингілік мәмілелерді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, инновацияларға гранттар.

Сонымен бірге іріктелген компаниялар McKinsey&Company компаниясының ынтымақтастығымен консалтингілік сүйемелдеуге иек арта алатын болады. «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасының мақсаты - Қазақстанда аймақтық және әлемдік ауқымдағы компаниялар құру жолымен бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өндірістерді құру болмақ.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom