Сапарбаев бастаған министрлер ОҚО-да жүр

Жаңалықтар
19.05.2015, 17:44

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министірі А.Сәрінжіпов пен ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.
Үкіметтік делегация алдымен биылғы жылдың ақпан айында ашылған №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасының жұмысымен танысып, өңірдегібілім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізуде. Сапар барысында Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев бастаған делегация Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешенінде болып, шаһардағы «Karlskrona LC AB» ЖШС-де еңбек қатынастары мәселелері жөнінде жиын өткізеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жобалық қуаттылығы 2 млн. шаршы метр кілем және кілем бұйымдарын өндіретін «Назар-Текстиль» кілем фабрикасының жұмысымен танысады деп күтілуде.

Министрлердің облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Қазығұрт ауданындағы Атбұлақ елді мекенінде Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ашылу салтанатына қатыспақ.

20 мамырда ҚР Премьер-Министрі орынбасарының жұмыс сапары Түркістан қаласында жалғаспақ.

Сұхбат

PhotoRoom