Тәжікстандағы оқу-жаттығуда қазақстандықтар үздік шықты

Жаңалықтар
20.05.2015, 14:14

Тәжікстанның оқу-жаттығу полигонында қазақстандық әскери қызметшілер үздік даярлық көрсетті. 2015 жылдың 19 мамыры күні «Харбмайдон» (Тәжікстан Республикасы) оқу-жаттығу полигонындаҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерін қауырт тексеру аяқталды.

Қазақстан Республикасының әскери контигенті ҰҚШҰ құрамына кіретін мемлекеттердің бөлімшелерімен бірлесіп Тәжікстан Республикасының аумағына басып кірген заңсыз қарулы құралымды жою мәселесін пысықтады.

1 (1)

Аталған ҰҚШҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің жабдықталуын, алыс жердегі келгенкездегі ұтқырлығын, мақсаттар бойынша міндеттерді орындауға даярлық деңгейін жоғары деп бағалады.

Естеріңізге сала кетсек, 12 мамыр күні Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініңқазақстандық контингенті тосыннан дабыл бойынша көтеріліп, тәжік-ауған шекарасына жөнелтілді.

Жедел іс-қимыл ұжымдық күштері әскерлерінің іс жүзіндегі іс-қимылы барысында біздің десантшылар және армияның арнайы мақсаттағы жауынгерлері кері шегінген жауынгерлерді жою бойынша міндеттерді пысықтап, ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК Су-27 ұшағымен басқарылатын әуе бомбаларын қолдану арқылы соққы берді.

2015 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері тұрақты орналасуорнына қайтады. Біздің контигентті қайта топтауды Қазақстанның ӘӘК әскери-көліктік авиация – Ан-12, Ан-72, С-295 ұшақтары қамтамасыз етеді.

Сұхбат

PhotoRoom