Қазақстан тағы бір стратегиялық жобаға қатысады

Жаңалықтар
21.05.2015, 11:41

Қазақстан Бейжің-Астана-Қазан-Мәскеу магистралінің құрылысы жобасына атсалыспақ. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумының панельдік сессиясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.«Қазақстанда Бейжің-Астана-Қазан-Мәскеу магистралінің құрылысы жобасы бар. Меніңше, бұл жоба болашақта жүзеге асуы ықтимал», - деді Б.Сағынтаев.

Вице-премьер сонымен қатар Қазақстан, Ресей арқылы Еуропаға бағытталған мультимодальді көліктік дәліз туралы баяндады. Оның үстіне Қорғастан Қазақстан арқылы Ақтау портына дейін, ары қарай Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, Грузияға тартылатын көліктік жоба да қолға алынуда.

«Осы мақсатта ҚР Президенті Қазақстан аумағы бойымен Ақтау портына дейін жол салуды тапсырған болатын», - деді Б.Сағынтаев.

Сұхбат

PhotoRoom