Қазақстан еңбек өнімділігімен алдыңғы қатарда

Жаңалықтар
26.05.2015, 12:50

Қазақстан экономикада еңбек өнімділігі бойынша әлем елдерінің ТОП-50-іне енді. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы индустрияландыру жөніндегі конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Экономиканың тиімділігі артты. Қазақстан экономикада еңбек өнімділігі бойынша әлем елдерінің ТОП-50-іне және оның өсімі тұрғысында ТОП-20-сына енді. Осы жылы біз көптеген мемлекеттердің алдына шықтық, оның ішінде Ресей мен БАӘ-ден озды»,-деді министр.

Ә. Исекешевтің сөзіне қарағанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алдыңғы қатарлы елдеріне қарағанда өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігіндегі алшақтығы қысқарды.

«2008 жылдан 2013 жыл аралығында өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 60 пайызға артып, бір адамға шаққанда 51,5 мың долларға жетті», - деді ведомство басшысы.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom