20 жылдан кейін 30 елдің қатарына енеміз

Жаңалықтар
26.05.2015, 13:24

Қазақстан айрықша бәсекеге қабілетті әлемнің 30 елінің қатарына 2035 жылға қарай енуге қауқарлы. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы индустрияландыру жөніндегі конференцияда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов мәлім етті.

«Біздің есептеулер бойынша, егер индустриаландыру  идеологиясы шын мәнінде ұлттық идеяға   айналса, онда өңдеуші сектор бойынша ең бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына 2035 жылға қарай енеміз», -деді А. Құлсейітов.

Осы орайда бірінші бесжылдықтың мақсаты барынша көп зауыттарды іске қосып, экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ экономика құрылымында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға негізделгенін түсіндіріп өтті.

«Екінші бесжылдықтың мақсаты индустриясыздандыру үдерісін тоқтатуға арналған. Бұл басты міндет болды. Сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп маңыздылығын төмендеткен трендтерді тежеу назарға алынды. Атап айтқанда, бұл шараларға қол жеткізілді», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom