Елбасы Хорватия Премьерін қабылдады

Жаңалықтар
27.05.2015, 15:31

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар  қарастырылды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті.

– Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені біздің елдеріміздің арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздің елмен жұмыс істегісі келетін хорват компанияларымен өзара ықпалдастық жөнінде менің тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген, – деді Мемлекет басшысы.

З.Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов те хорватиялық әріптесі Зоран Милановичпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізген болатын. Келіссөздер барысында

Хорватия Үкімет басшысы Қазақстанға сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтті. «Өмірімде алғаш рет Қазақстанға сапарлау мен үшін зор мәртебе деп білемін. Дипломатиялық қызметтегі әріптестерімнің Қазақстанға келіп, елордаларыңыздан мол әсермен оралғандығы есімде. Қазіргі уақытта біздер Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандырып, бизнес арасындағы ықпалдастықты тереңдетудеміз», - деді ол.

Сонымен қатар Хорватия Үкімет басшысы өз елінің Қазақстанмен арадағы сауда байланысы өте төмен деңгейде болып отырғандығын әрі оны жақсартуға мүдделі екендігін баса атап өтті.

«Бүгін Қазақстан-Хорватия бизнес-форумы өтеді. Сол шара барысында екі ел бизнесмендері арасында тығыз байланыс орнайтындығына үміт артамыз. Бұл ұзақ мерзімге созылатын достық пен ынтымақтастықтың бастамасы деп білемін», - деді З.Миланович.

Сұхбат

PhotoRoom