Қарулы Күштерді модернизациялау талқыланды

Жаңалықтар
27.05.2015, 15:57

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қарулы Күштерді одан әрі жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізілді.

Кеңеске Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштер Бас штабының бастығы С.Жасұзақов қатысты, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның жауынгерлік әлеуетін нығайту шаралары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom