Әскерилер рекорд орнатуды мақсат етіп отыр

Жаңалықтар
28.05.2015, 09:08

43386 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ержан Әбілмансұров ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында белтемірге екі қолмен күшпен шығу жаттығуында үздік болып табылады. 1 сағат 40 минут ішінде ол белтемірге 400 рет айналып шығады (минутына 25 рет немесе бір қайталамада).

Алайда, Ержан мұнымен тоқтамай, қазір ол әлемдік рекордты жаңарту үшін аянбай жаттығу жүргізуде. Әскери қызметші тіпті, Гиннес рекордтары кітабына өтінім жолдаған. Бүгінгі таңда әлемдік рекорд ресейлік Максим Трухановецке тиесілі. Бір қайталауда ол денесін 21 рет көтереді.

Екі қолмен шығу жаттығуы қазақстандық әскери қызметшілердің дене даярлығының міндетті нормативтерінің құрамды бөлігі, күштің кешенді көрсеткіші болып табылатынын атап өткен жөн. Ол денені белге дейін көтеруді қажет етеді. Сондықтан белтемірге әдеттегідей тартылудан әлдеқайда қиынырақ және дене даярлығының жоғары деңгейін, күш пен төзімділікті талап етеді.

Сұхбат

PhotoRoom