Әскерилер Қарағанды халқына 2 млн теңге жинады

Жаңалықтар
28.05.2015, 16:33

Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері өздерінің қаржы қаражатының бөлігін беруді ұйғарды. Олар қазіргі уақытта 1 945 821 теңге көлемінде қаржы жинады.

«Бұл үлкен ақша болмаса да, қарағандылықтарға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді», - деп үміттенеміз деді олар. Бүгінгі таңда өңірде үйлерді техникалық тексеру, қалпына келтіру жұмыстары, баспана тұрғызу және шығынды өтеу жүргізілуде. Одан басқа, су тасқынымен қираған авто тас жолдарды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы алғашқы су тасқыны наурыздың соңында тіркелсе, екінші толқыны сәуірде болған еді. Су басу орын алған кезде ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бей-жай қарап қалған жоқ. Олар құтқарушылармен бірге қорғаныс сеппелерін құрып, су басқан аудандардың тұрғындарын тасымалдауға қол ұшын созды.

Сұхбат

PhotoRoom