Сағынтаев Қашаған жобасы бойынша түсініктеме берді

Жаңалықтар
01.06.2015, 11:28

Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдың аяғына қарай жанданады. Бұл туралы бүгін мұнай-газ секторын дамыту мәселесіне арналған Мәжілістегі парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Қашаған жобасы бойынша тиісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солтүстік Каспий жобасының операторымен және мердігер компаниялармен барлық даулы мәселелер шешілді. Мұнайды коммерциялық өндіруді  2016 жылдың аяғына қарай жандандыру жоспарланып отыр»,-деді Б. Сағынтаев.

Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Қашағанда жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығын, ең алдымен сапасыз болып шыққан құбырлар алмастыру шаралары жүргізіліп отырғандығын жеткізді.

Жобаны қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз», Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Eni, Total, Inpex және CNPC жүзеге асыруда. Қашаған мұнай кенішінде шамамен 5 млрд. тоннаға жуық мұнай қоры жатыр деп болжануда және ол соңғы жылдары теңіз табанынан табылған ең ірі мұнай орындарының бірі болуы ықтимал.

Сұхбат

PhotoRoom