Ет экспорты көбейіпті

Жаңалықтар
01.06.2015, 14:29

2015 жылдың 3 айында Қазақстандағы ет және ет өнімдерін экспорттау көлемі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз-мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты деп хабарлайды Қазақпарат.«Бізде «салқындатылған» сиыр етінің 2014 жылғы экспорты 2013 жылғыдан 6 есе өскен. Ал «мұздатылған» сиыр етінен 615 тонна сыртқа шығарылды, 2013 жылы мұндай ет мүлдем экспортталмады деуге де болады. Сонымен қатар, сиыр етінің импорты 42,3 пайызға азайды. Егер 2013 жылғы импорт 24 мың тонна болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 16,8 мың тонна болды», - деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, осыған ұқсас оң тенденция биыл да байқалып отыр.

«2015 жылдың 3 айында ет пен ет өнімдерінің экспорты 2014-тің сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артты. Ірімшік пен ақ ірімшіктің экспорты 4,6 есе өсті. Сондықтан бұл тенденция бұдан әрі де жалғаса береді деп үміттенеміз», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom