Әскерилер жартыжылдықты қорытындылады

Жаңалықтар
03.06.2015, 09:13

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748, 74884, және 32039 әскери бөлімдері және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімі бірінші жартыжылдықтың қорытынды тексерулерін өткізді.

Бөлімдердің жеке құрамдары барлық пәндер бойынша жауынгерлік және кәсіби даярлықты тексерді. Әскери қызметшілер қарудан атыс даярлығы бойынша өз шеберлігін көрсетіп, БМП-дан әскери атыс бойынша тактикалық іс-қимылды пысықтады.

2 (1)

Тексерудің басты мақсаты – жауынгерлік міндеттерді белсенді іс-қимылда және сәтті орындау кезіндегі әскери қызметшілер мен бөлімшелердің даярлығы мен мүмкіндіктерін айқындау болды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748, 74884, және 32039 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жеке құрамның кәсіби даярлығын, оның дене төзімділігін, экипаждардың, есептоптардың және бөлімшелердің жинақылығын көрсетті. Жауынгерлер АК-74 қаруынан оқ атуды меңгеріп, күндізгі және түнгі уақытта ұрыс тактикалық іс-қимылды пысықтады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы АК-74-тен 4-бақылау атыс жаттығуын, жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудан атыс даярлығын көрсетіп, сондай-ақ дене даярлығы мен мемлекеттік-құқықтық тестілеуден өтті. Бұдан өзге әскерилер БМП-2 қаруланған кездегі бөлімшенің әскери жинақылығын көрсетті. Тексеру қорытындылары бойынша 27943 әскери бөлімінің майоры Әсет Салихов, аға сержант Родион Минхазев, капитан Руслан Сартаев, аға лейтенант Әлішер Табылдиев және 3-сыныпты сержант Айдын Иманғалиев үздік шықты.

Аталған тексеру 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қысқы оқыту кезеңі бойынша өткізілген болатын. Екінші қорытынды тексеруде әрбір жауынгердің міндеті – ұйымдасқан және жинақы іс-қимыл, үздік дене даярлығы, сондай-ақ, ұтқыр және тактикалық даярлықтан жоғарғы нәтижелер көрсету болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom