Фукуяма: ДАМУ КӨРСЕТКІШІ – БАСТЫ ҚАУІП...

Сараптама
16.04.2014, 17:40

Орта тап қалыптаспай, мемлекет экономикасында динамика болмайды деген түсінік бар. Тұрғын халықтың әл-ауқатын анықтауда барометр болатын орта тап күшейсе, азаматтық қоғам институттарының да қалыптаса бастайтыны тағы бар. Осы тақырыпқа орай,  АҚШ саясаттанушысы Фрэнсис Фукуяманың кезекті бір мақаласын шағындап ұсынып отырмыз.

Өткен онжылдықта Түркия мен Бразилия экономикалық тұрғыда үлкен өсімге қол жеткізіп, халықаралық сахнада өзінің ықпалы мен беделін күшейтті. Дегенмен, кейінгі кезде бұл екі мемлекет азаматтарының бұқаралық шерулер өткізуінің салдарынан даму ырғағын біршама баяулатып алды. Сонымен аталған елдерде шын мәнінде не болып жатыр?  Осындай наразылық шерулер өзге елдерді де шарпуы мүмкін бе?

Түркия мен Бразилия тақырыбының, 2011 жылы басталған араб көктемі мен Қытайдағы тыншымайтын қарсыласулардың ұқсастықтары бар. Бұл – жаңа жаһандық орта таптың бой көтеруі. Ол қай жерде пайда болмасын, қазіргі орта тап саяси адасуларға ұрынады. Алайда ол саяси өзгерістерге қабілетсіз.

Бразилия мен Түркияда да Тунис, Мысырдағыдай саяси шерулердің алдыңғы шебінде кедей-кепшіктер болған жоқ. Керісінше, білімді әрі орташадан жоғары кірісі бар жастар жүрді. Олар замануи технологияларды меңгерген. Facebook, twitter сияқты әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, шеру ұйымдастыру үшін жылдам ақпараттар тарата алады. Олар тіпті демкоратиялық сайлаулар жиі өтіп отыратын елдерде өмір сүрсе де, билеуші саяси элитадан алшақтап қалғанын түсінеді, сезеді.

Түркия жастары негізінен Режеп Тайып Ердоғанның авторитарлы билігіне қарсы шықты. Ал Бразилия халқы жемқорлыққа белшесінен батқан элитасына наразы. Сыбайластыққа бой үйреткенімен қоймай елдің имиджі деген желеумен футболдан әлем чемпионаты мен Рио Олимпиадасын ұйымдастырмақ.

Әлемде соңғы онжылдықта «жаһандық орта таптың» көтерілуі туралы талықлаулар жүруде. 2008 жылы жасалған Goldman Sachs баяндамасының авторлары әңгіме барысындағы орта таптың жылдық кірісі 6 мың мен 30 мың доллар арасындағы адамдар екенін жеткізді. Олардың саны 2030 жылға қарай 2 млрд-қа дейін жететін көрінеді. Ал 2012 жылғы Еуропалық одақтың қауіпсіздік жөніндегі зерттеулер институтының баяндамасында бұл көрсеткіш тіпті көп. 2020 жылға қарай орта тапқа кіретін адамдар саны 3,2 млрд, 2030 жылы 4,9 млрд. Осы халықтың дені Азияға тиесілі.  Әсіресе Қытай мен Үндістанда қатары көбейіп келеді. Сондай-ақ бұл тенденцияныңәлемнің өге өңірлерінде де белең алғанын, тіпті Африкада да байқалатынын айта кетуіміз керек. Африка даму банкінің есебі бойынша, орта тапқа жататындар бұл құрлықта шамамен 300 млн. адам.

Корпорациялар орта таптың қалыптасуымен қатар жаңа деңгейдегі тұтынушылардың саны артып келе жатқанына қуанады. Экономистер мен қаржыгер сарапшылар орта тапты адамдардың өз еліндегі кірісі қалыпты және өмір сүруге жеткілікті сомадан жоғары болуымен анықтайды...

Орта таптың күшеюі билікке қойылатын талапты қатайта түсе ме? Мысалы азаматтық қоғам дамыған Еуропа халқының 1/3-і ғана өзін орта тапқа жатқызса, қазақстандықтардың әрбір екіншісі өзін осы санаттан көреді екен. Бұл – сұрау салу негізінде жасалған нақты зерттеу қорытындысы. 2013 жылы әлеуметтанушылар жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша жауап алынғандардың 67,9 пайызы өзін орташа өмір сүремін деп есептейтінін тілге тиек еткен. Мүмкін, қанағатшылдық пен шүкіршілік болар... Себебі өзін орта тапқа жатқызатындардың әрқайсының басында 100 мыңдаған несие бар. Ф. Фукуяма жазғандай түрлі гаджеттерге қол жеткізген біздегі жастар сол құрылғыларының денін қарызға алған.

 

Досым Сәтпаев ©time.kz Досым Сәтпаев ©time.kz

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

– Бізде орта тап бар. Бірақ көп емес, өте селдір... Оған халықтың ары кетсе 10-15 пайызын ғана жатқынған болар едім. Орта таптан сәл төмен бір тап бар.  Олар кішкене жақсы жағдай жасалса орта тап санатына жатады, керісінше, жағдай қиындай қалса кедейлердің қатарын толықтырады. Оларға негізінен өзін өзі жұмыспен қамтушылар кіреді. 

Сұхбат

PhotoRoom