ҰБТ: Қызылорданың көрсеткіші еселенді

Жаңалықтар
09.06.2015, 16:12

Ұлттық бірыңғай тесттен биыл қызылордалықтар жақсы көрсеткіш көрсетті. Алдын ала нәтиже бойынша 81,8 балды құрап отыр.

Өткен жылы орташа көрсеткіш 74,2 балл болған. Биыл 7,6 пайызға жоғарылады. Аудандар арасында ең жоғары нәтижеге 83,5 балмен жалағаштықтар қол жеткізді. Мектептер арасында Қазақ-түрік қыздар лицейінің еншісінде. Аталған мектеп оқушыларының орташа көрсеткіші 109,9 балл. Ең жоғары 123 балды №202 орта мектептің оқушысы жинады. Алтын белгіге 231 оқушы үмітті болған болса, соның 136-сы өз білімдерін  дәлелдеді. Өткен жылы екілік бағаны 280 оқушы алса, биыл 109 оқушы солай бағаланған.

Салыстырмалы түрде барлық көрсеткіш бойынша өткен жылдармен салыстырғанда жақсарған.  Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысы 2014 жылы 13 орында болса, биыл үздік алғашқы бестіктің қатарынан көрінді.

Айта кету керек, елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-8 маусым аралығында өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл республика бойынша 79,4 болды, бұл 2014 жылмен (76,9) салыстырғанда 2,5%-ға жоғары.

Сұхбат

PhotoRoom