Еліміздің территориясы кең болғандықтан облыстық елді мекендер-түгілі маңызды қалалардың арасын жалғайтын жолдардың сапасы сын көтермей жатады. "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" арқылы дәліздік жолы оңтүстік өңірлеріміздің логистикасын шешіп берді десе де болады. Алайда, Шығыс Қазақстан облысы республикадағы ең нашар жолдары көп өңір ретінде қалып отыр. Бүгінде бұрынғы Жезқазған облысы мен Қызылорда көрші болса да қатынау қиынға айналған.
Президенттің "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жол инфрақұрылымына, огистика мен байланысқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы Жезқазған-Қызылорда тасжолын салуға 3 млрд. теңге бөлiнедi деп жоспарланып отыр екен. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiм еттi.
Оның айтуынша, 2015 жылы стратегиялық маңызы бар «Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда» автомагистралін салу бойынша жобаны жүзеге асыру көзделуде.
«Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Павлодар бағыты бойынша 4 жоба бар. Екi жоба - Қызылорда облысы бойынша, 2 жоба - Қарағанды облысы бойынша. Жалпы ұзындығы 150 шақырым. Биыл ол жобаға 3 млрд. теңге жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында конкурсты жариялап, құрылысқа дайындық жұмыстарын бастаймыз», - дедi ол.
Айта кетейiк, «Қызылорда - Жезқазған» автожолының құны шамамен 10,1 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Қазір жол-құрылыс компанияларын құру-әлеуетті мердігерлердің тендерге қатысуы үшін жұмыстар жүргізілуде.