Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру жөнінде ресми түрде келісім-шарттар рәсімделді. 57 мемлекет құрылтайшы ретінде бекіткен бұл құжат АИИБ конституциясы іспеттес болады.
Бейжің қаласындағы бұл оқиға халықаралық қаржы құрылымы үшін тарихи сәт. 11 бөлім мен 60 баптан тұратын құжатта мүше мемлекеттердің мандаты, акционерлік капитал мен дауыс беру құқығы. басқару құрылымы, шешім қабылдау механизмдері сияқты негізгі мәселелер қамтылған. Келісімге сәйкес бастапқаы капиталы 100 млрд АҚШ доллары болады. Банктің ірі акционері Қытай елі. Ресми Бейжің 29 млрд 780,4 млн доллар салу арқылы дауыс беру құқығының 26,06 процентіне ие болды. Банктің штаб-пәтері Бейжіңде орналасады. Алдағы уақытта АИИБ-нің аймақтық құрылымдары мен өкілдіктері ашылады. Ал директор Азия елдерінің өкілі болуы шарт. Ол 5 жылдан екі кезеңге сайлану арқылы басқарады.