Елбасы Мәсімовті қабылдады

Жаңалықтар
01.07.2015, 09:25

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысын «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мәселелері жөнінен хабардар етті. Сонымен қатар  Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom