Антигептил қозғалысы "Шындық экспедициясын" фильммен түйіндемек

Жаңалықтар
01.07.2015, 10:13

Антигептил азаматтық қозғалысы белсенділерінің басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе ұйымдастырған "ШЫНДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ" жұмысын қорытындылауы, әрі, кішігірім деректі фильміміздің тұсау кесу рәсімі болмақ, деп хабарлайды қозғалыс мүшесі Амандық Дәулетбекұлы

"Келіп, аталмыш экспедицияға байланысты тілек-лебіз білдіргісі келген, сұрақ қойғысы келген, сын, пікір айтқысы келген, жалпы, елдегі экологиялық апатқа байланысты кез-келген ақпаратты бұқарамен бөліскісі келген азаматтардың барлығына есік айқара ашық! Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін ерекше елеп шақырамыз! Өтетін орны мен уақыты: Астана қаласы. Ақжайық қонақ үйі. Есенберлин көшесі 7-үй. Бірінші қабат, конференц зал. Сағат 11.00-де. 02.07.2015 күні", делінген хабарламасында.

Сұхбат

PhotoRoom