«Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-ның мәліметтеріне сүйене отырып, Today.kz 2020 жылға дейін Астанада пайда болатын нысандардың макеттерін ұсынды.
Қаланың шығыс аумағында "Мыңжылдық" аллеясының белдеуінде тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алатын темір жол вокзалы пайда болады.
Сонымен қатар, Қарағанды мен Қостанай бағыттарында жаңа екі автовокзал жұмысын бастамақ. Олар тәулігіне 10 мың адамға қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.
Ал, Астана әуежайы қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа терминал пайда болады.
Жедел қалаішілік теміржол көлігі пайда болуы да мүмкін. Алғашқы бағыты 22,4 шақырымды құрайтын желі әуежай мен жаңа темір жол вокзалын жалғайтын болады.
K-1 айналма жолының 33 шақырымының құрылысы аяқталады. Автомагистральдің жалпы ұзындығы 86,1 шақырымды құрайды.
Қаланың шығыс бөлігінде Астана-Қарағанды тас жолының бойында сауда-логистикалық орталық бой көтереді.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ғимараттарын да естен шығармаған жөн. Нысанның жалпы аумағы 174 гектар. Ол Қабанбай батыр, Хұсейн бен Талал, Орынбор және Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан.
baq.kz