Елбасы жедел кеңес өткізді

Жаңалықтар
03.07.2015, 17:44

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында елдің ғарыш саласын дамыту мәселелері, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды.

Қазақстан азаматының Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы Мемлекет басшысы мен Ресей Президенті В.Путиннің арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы келісілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom