Бүгін Мемлекет басшысы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің алдын ала қорытындыларына арналған кеңес өтті.
Кеңесте Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қаралды. Елбасы тиісті заң жобаларын Парламенттің күзгі сессиясы басталғанға дейін енгізу үшін жан-жақты пысықтаудың маңыздылығын атап өтті. Кеңес барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.