Үндістанды ынтымақтастыққа шақырған Мәсімов Модимен 12 құжатты бекітті

Сараптама
08.07.2015, 09:52

Астанада ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен елімізге ресми сапармен келген Үндiстанның Үкiмет басшысы Нарендра Модидiң қатысуымен Қазақстан-Үндiстан бизнес-форумы өттi. 

«Орталық Азияның iрi серiктесi болып табылатын Үндiстан соңғы жылдары жаһандық экономикадағы өзiнiң рөлiн арттыруда. Сiздердiң саясаттарыңыз барша Еуразиялық кеңiстiкке ықпалын жасауда. Әрине, бiз ол бағыттағы мүмкiндiктердi көрiп отырмыз. Анығында, Қазақстан осы мүмкiндiктердi жүзеге асыруға даяр ең лайықты серiктес. Бiз Орталық Азиядағы ең iрi экономикаға иемiз және сауда көлемiнiң жартысын Үндiстанмен бөлiсiп отырмыз. Бiз әлемнiң ең қарқынды дамып жатқан 10 экономикасының қатарындамыз. Бiз Орталық Азияға 2 млрд. доллар инвестиция тартудамыз. Қазақстан Еуропа мен Азияның арасын жалғаушы көпiр. Ол - бiз үшiн маңызды», - дедi К. Мәсiмов.

Қазақстан Премьер-Министрi К.Мәсiмов, Қазақстан әлемдiк қоғамдастықтың белсендi мүшесi ретiнде биiк мақсаттарды көздейтiндiгiн айта келе, бiрнеше бағыттар бойынша нақты ұсыныстарды ортаға салды.

«Осы тұрғыда Қазақстан мен Үндiстан - маңызды әрiптес. Бiз бұл байланыстарды ары қарай дамытуға, соның iшiнде шетелдерде де дамытуға мүдделiмiз. Бұл әлеуеттi тиiмдi пайдалану үшiн ортақ экономиканы сыйлауымыз шарт. Бiрнеше нақты қадамдарды ұсынғым келедi: Бiріншiден, бiз Үндiстаннан Қазақстанға бағытталатын инвестицияларды қолдаймыз. Осы орайда бiз бүгiн Үндiстанмен бiрге бiрқатар маңызды меморандумдарға қол қойдық. Сонымен бiрге, біз ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, коммуникациялық технологиялар, мұнай және химия салаларындағы жобаларды қолдауға дайынбыз. Екiншiден, біз бiлiм беру саласындағы әрiптестiктiң дамуына мүдделiмiз. Үндiстандағы инжиниринг, ақпараттық технологиялар бойынша техникалық институттар Қазақстанда өте танымал. Бiздiң институттар арасында байланыс орнатуға болады. Мәселен, Назарбаев Университетi және сiздердiң институттар арасында қарым-қатынас орнатуға болады. Үшiншiден, бiз Үндiстанды Еуразиялық экономикалық одақпен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырамыз. Ол осы өңiрдiң ең iрi ықпалдастығы болады. Төртiншiден, бiз екi ел арасында құрылатын жобаларды қолдауға бағытталған бiрлескен комитет құруға дайынбыз. Бұл - өте маңызды. Егер ол комитет құрылатын болса, оған кiм жауапкершiлiк алатынын анықтауымыз қажет және бiзге бiрнеше мәрте кездесу қажет болады», - деп түйiндеді сөзiн ҚР Премьер-Министрі.

Бүгiнгi бизнес-форум барысында Қазақстан мен Үндiстанның сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарының жол картасы жасалды. Оған жалпы 30-ға тарта бiрлескен жоба енiп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Үндiстан кәсiпкерлерi мен iрi компаниялары арасында 12 келiсiмшартқа қол қойылды.

Сұхбат

PhotoRoom