Назарбаев Әлиевпен сөйлесті

Жаңалықтар
08.07.2015, 12:17

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Нұрсұлтан Назарбаевты Әзербайжан Президенті туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астраханьда өткен Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммиті аясында қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесуге Әзербайжан тарапы бастамашы болды.

Сұхбат

PhotoRoom