Қазақстандық журналистерге шартты лаңкестер «шабуыл жасады»

Жаңалықтар
09.07.2015, 09:32

Бірнеше күн ішінде Қарағандыдағы «Спасск» орталығы қазақстандық журналистердің, республикалық БАҚ-тың, блогерлер мен ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасау эпицентріне айналды. Журналистер іс жүзінде қарулы жанжал аймағында қозғалып жатқан автомобильді лекке кенеттен шабуыл жасау кезінде іс-қимылдарды пысықтай алды.

Бүгінгі шынайы өмірде журналист заңсыз қарулы бандқұралымдардың өкілдері үшін баға жетпес «олжа» болып табылатынын айта кеткен жөн.

Кең қоғамдық резонанс журналисті басып алу себептерінің бірі. Жетекші басылымдардың тілшілерін тұтқынға алып, лаңкестер қоғамды қорқыту үшін әрекет етуге қамданады. Көбінесе қоғамды одан бетер дүрліктіру үшін олар жұрт алдында өлім жазасына кеседі.

2

Журналистерді тұтқынға алу жергілікті және өзге де шиеленістер көрсеткендей төлем алудың оңтайлы мүмкіндігі. Одан басқа, журналистер өздерінің содырларына айырбастау қызығушылығын туғызуы мүмкін. «Егер содыр немесе лаңкес оның журналист екенін білсе, ол оны оңайлықпен өлтіре салмайды. Олар оны алып кетуге, мертіктірмеуге, соққыға жықпауға тырысады, себебі, айырбастау кезінде әртүрлі қоғамдық тәртіпті бұзушылық туындауы мүмкін», - деді арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер.

14

Әртүрлі психологиялық айла-тәсілдер мен психотроптық заттарды пайдалана отырып, бандқұралымның қолайлы бейнесін келтіру үшін журналисті  тартуы мүмкін.

«Тілшілерді ұрып-соқпайды, олар жанжалдасатын тарап емес, олар құнды кепіл ретінде маңызды», - деп әскерилер атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom