Ақтау белсенділері қалалық мәслихат шешіміне ықпал етпек

Жаңалықтар
10.07.2015, 09:39

Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин отставкаға кетеді дегенді естіген қала жастары мен белсенділері жылдам реакция байқатып отыр. Олар фейсбук әлеуметтік желісінде "Еділ Жаңбыршинді қорғау" деп аталатын арнайы топ құрған. Белсенділердің бірі Әнуар Бимағамбеттің айтуынша, қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, ой-пікірін жеткізбек.  

11182273_903361256392907_1279649552410019940_n

Ақын Әнуар Бимағамбет былай деп жазады:

"Ауыстырылмайтын әкім жоқ. Мансап мәңгі мұра емес.Әйтсе де, өз қызметін адал атқарып, неше жыл жемқорлықтан іріп кеткен жүйені тазартып, шіріп кеткен қаланың инженерлік жүйесін қалпына келтірген(шағын ауданның ішкі жолдарындағы тесіктер, қоқыс қалдықтары деген "ауру тақырыптар" Еділ әкімге дейін болған, кім келсе де әзір бола береді, кешенді түрде шешпейінше...) ұйымдастырушы, іскер, терең ойлай білетін, жүйелі жоспарлай алатын мемлекеттік қызметтегі нағыз топ-менеджер Еділ Жаңбыршинді орнынан алып тастап жатқанын естігенде тыс қалуға ар шыдамайды. Ол әсіресе "өз еркімен" деген арызды еркінен тыс қыспаққа алып жаздыртқанын естігенде тіпті шыдатпайды екен. Соңғы кездері қарауындағы қызметкерлерін бірінен соң бірін қамап, жемқор жүйе етіп көрсетуге тырысушылық - "жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген екі әкім болса біреуі - мен" - деп өзі сұхбат бергелі тіпті күшейіп кеткенін байқап жүрміз. Әкімшіліктің алдына барып, "менің өліміме әкім кінәлі" деп, плакат жазып, петиция жариялап, суицидпен қорқыту арқылы әкімнен жер бопсалап жүргендерді көрдік. Сонда деймін-ау, талай елдік мәселелерде көптің арасынан табылған бір жігітімізді жебірдің күшінен, жемірдің тісінен сақтай алмасақ елдігіміз қайсы? Ақтау қаласы әкімдігінде сағат 14:00 де өтетін мәслихаттың кезектен тыс сессиясында өз пікірімді естір құлақ болса жеткізу үшін баруға бекініп отырмын. Біз бәріміз жиі айтатын "әр қазақ менің - жалғызым" деген ұран-сөз бар емес пе? Ел дегеніміз сол "жалғыздардан" тұрады".

Сұхбат

PhotoRoom