Аягөздегі жаппай төбелеске қатысты түсінік берді

Жаңалықтар
10.07.2015, 15:32

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы жаппай төбелеске алдын ала мәлiмет бойынша, 145 адам қатысты. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев мәлiм еттi. 

«Онда тиiстi комиссия жұмыс жасап жатыр. Қылмыстық iс қозғалды. Жедел тергеу амалдары жүргiзiлуде. Оқиғаға байланысты облыс әкiмi Даниял Кенжетайұлы, прокурор, IIД бастығы сол жақта жүр. Төбелес екi күн бұрын орын алды. Тұрмыстық қақтығысқа алдын ала мәлiметтер бойынша 145 адам қатысқан. Оның 65-i ауруханаға жеткiзiлген. Бүгiнгi таңда Аягөзде және Өскеменде 31 адам ауруханада жатыр. Олардың денсаулығына еш қауiп жоқ. Соңғы нәтижелер тергеу аяқталғанда мәлiм болады», - дедi вице-премьер.

Еске сала кетейік, 8 шілдеде ШҚО Ақтоғай стансасында ҚХР азаматтары мен жергілікті тұрғындар арасында тұрмыстық сипатта жаппай жанжал орын алған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom