Джоанна Лиллис (Joanna Lillis), «EurasiaNet», АҚШ
Қазақстанның шығысындағы Өскемен қаласындағы көгалды төбеде, ресейлік шекарадан оңтүстікке қарай үлкен ақ жазумен ойылып, қарапайым ғана «Қазақстан» деген жазу тұр. 2009 жылы осы жазуды құрастырудағы басты мақсат – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу ұраны екені аңғарылған.
Енді РФ-ның Президенті Владимир Путин өзін жер шарындағы барлық орыс ұлтының қорғаушысы ретінде жариялауы мен Украинаның Қырым автономиялық республикасына аннексия қолдануында бұл ұран Астанадағы Қазақстан басшылығы үшін аса маңызды болмақ.
Кеңес Одағының таратылу кезеңінен бастап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әкімшілігі 1991 жылдан бері елдегі толеранттық пен ұлтаралық татулықтың нығаюына басты мән беруде. Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы экономикалық дамудың үздік жолын көрсете отырып, елдегі тұрақтылықты сақтап қалды. Дегенмен, украиналық дағдарыс көпұлтты Қазақстан халқының, әсіресе елдің солтүстік аумағында мекен ететін орыс ұлтын ескерсек, елдің ұлттық бірлігіне үлкен сын.
Осы оқиғалардан соң патриоттық тәрбие Нұрсұлтан Назарбаевтың күн тәртібіндегі мәселелер қатарына енді. Астанадағы қамкөңілділік сәуір айының басында арнайы заңнамаларына басшылықтың сепаратизмге көпшілікті үндеуге шақырғандарды ұзақмерзімге қамау туралы өзгерту енгізуіне әкелді.
90-шы жылдардағы елдің солтүстік-шығысындағы өндірістік аймақтардағы халықтың сепаратистік көңіл-күйі Президенттің көңіл бөлген басты мәселелеріне айналған болатын. Ал, 2000 жылы Өскемен сепаратистік шиеленіс салдарынан 13 ресейлік қаскөйді қамауға алынған шиеленісушіліктің ошағы болды. Осы Усть-Каменогорск деп орысша аталатын қалада орыс ұлтының үлесі тұрғындардың 67 пайызын құрайды, бұл елдегі жалпы көрсеткіштен үш есе артық.
Бүгінде Қазақстандағы сепаратистік көңіл-күй республиканың мемлекеттілігін нығайтуға өзіндік әсер етіп, Украинадағы жағдайдың келбеті Н. Назарбаевтың «бас ауруына» айналуына толық негіз болып тұр.
Қырымның РФ-на қосылуында орыс тілді тұрғындарды қорғаудағы ресейлік негіздеме Астананың жүйкесіне тиеді. ҚР-да тұрғындардың 22 пайызы орыс ұлты. Олардың көбі 7 мың шақырым ұзақтықты құрайтын Ресей-Қазақстан шекарасындағы аймақтарда тұрады.
Солтүстік Қазақстанға қатысты мәлімдемелері арқылы орыс ұлтшылдары Мәскеу мен Астана секілді жақын одақтастар арасын әлсіретіп, дипломатиялық арандатушылық тудырып отқа май құю болды.
11 сәуірде Қазақстан тарапынан болған жауаптан соң Мәскеу үнсіз қалды, сәйкесінше Қазақстанның территориясына байланысты қандай да бір шешім қабылдамайтыны жөнінде де ештеңе жарияламады.
«Шекаралардың беріктігі туралы... оны мәңгілік деу бір жағынан дұрыс болмас – дейді, әр сөзін мұқият таңдаған казак атаманы Виктор Шаронов. Онда шотландықтардың Ұлыбританиядан бөлінеміз деп референдум өткізуі қай сасқандары?» - деп сабақтады сөзін 8 сәуірде Өскеменнің орыс қауымы ұйымының отырысында атаман Шаронов. Бұл жиынға EurasiaNet.org. тілшісі де қатысқан болатын.
Жиында қауым басшылары Кремльдің Украинаға қатысты ісін қолдайтынын және Ресейдің жеріне Батыстың араласуына наразылықтарын білдірді. «Өкінішке қарай, Киевте билікке… нағыз фашистер, ультраұлтшылдар келді», бұл өз кезегінде орыстілді тұрғындардың мүддесін қорғау мақсатында Мәскеудің араласуын қажет етті» - деді Республикалық «ЛАД» славляндық қозғалысының Шығыс-Қазақстандағы бөлімшесінің төрағасы Олег Навозов.
«Қазақстан Ресейдің Украинадағы аз ұлттарды және ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған іс-қимылдарын қолдайды» - деп «ЛАД» қозғалысының өкілі Николай Плахотин өз қолдауын білдірді.
Десе де, Ресейдің Украинаға енуі Қазақстан халқында «егер Мәскеу осындағы орыстілді тұрғындарды қорғауға мұқтаж деп шешсе ше?» деген өзекті сұрақ пайда болды.
Бұл сценарий Өскеменде расталмады. Ондағы EurasiaNet.org-ке пікірін білдірген орыстілді халықтың пікірінше Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ұлттық-тіл саясаты оған жол бермейтінін айтады.
«Қазақстанда Украинадағы жағдайдан мүлде бөлек – деді Орыс мәдени орталығы басшысының орынбасары Вадим Обухов. – Бізде орыстар мен қазақтар арасында арандаушылық жоқ».
Назарбаев қазақ ұлтының мүддесі мен басқа аз этностардың құқығын қорғап, балансты өте тиімді сақтауда» - деді баспагер Евгений Черкашин.
Назарбаевтың Украинадағы дағдарысқа қатысты кремльдік позицияны ұстануын елдің солтүстігіндегі орыстілді халқы жақсы қабылдайды. Ал, республиканың басқа аймағында қарсыластар бұны ұлттық мүддеге деген сатқындық деп айыптап, сынға алуда. «Көп ресейліктер Қазақстанның солтүстігін ресейлік территория ретінде қабылдайды – деді сарапшы Айдос Сарым, - көп қазақтардың осылай (биліктің кремлдік ұстанымда болуы) қабылдауы қате ұстаным».
Өскемендегі кейбір қазақ ұлтының өкілдері қазақстандық территорияның Ресейдің қарамағына еніп кетуінен «қауіптенеді» бұны EurasiaNet.org тілшісіне тегін айтуды жөн көрмеген Кенжебай деген азамат айтып берді. Дегенмен, көпшіліктің пікірінше, Қазақстан үшін қорғаныстың мықты құралы Ресеймен тығыз әріптес болу: Астана егемендігін Мәскеумен қастасып емес достасып тұғырлы ете алмақ.
Өскемен көшелерінде сұрау салынған халықтың айтуынша, Ресейдің Қазақстанға басып кіру деген қисынға келмейді.
«Мен Ресей Қазақстан жерінің бір бөлігін басып алады деп ойламаймын, ол не үшін қажет? – дейді инженер Виктор Чернышев.
Өскемен қаласына Қазақстанның орталығы Астана емес, Ресейдің Новосібір қаласы жақын екенін және Ресей басшылық ететін Кедендік Одаққа Қазақстанның мүше болуын ескерсек, жергілікті жұртшылықтың оқу мен жұмыс қуып, көрші елге бет бұруына себеп болуда.
Осы еркін сауда аймағын алдағы айда Еуразия экономикалық одағы ретінде қайта құру жоспарлануда. Бұл орайда Ресей басымдығының артуынан сескенген қазақстандық ұлтшылдар мен либералдар наразылық білдіруде.
Өскеменнің орыстілді халқы Назарбаевты ұлттық азшылдықтың құқығына деген кепілдік ретінде ғана емес, жалпы елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаушы ретінде қарайды.
Орыс ұлттық мәдени орталығының төрағасы Леонид Карташев Украиндық үлгідегі бұқаралық тәртіпсіздіктер мұнда қайталанбайтынына сеніммді, себебі «Қазақстанда президент Назарбаев сайлауда заңды жеңіске жеткен және Қазақстандағы үкімет легитимді».