Салық төлемесеңіз - полиция шақырмауға келісесіз бе?

Жаңалықтар
11.07.2015, 16:48

Өткен ғасырдың 90 жылдары демократияға бірден түбегейлі көшіп кете алмайтынымыз түсінікті болғаннан кейін, либералдар ағымдағы қасаң саяси жүйенің өзінен - азаматтық қоғам құрудың механизмдерін іздеді. Біреулері тапқандай да болды. Ресейлік либералдардың алғашқы толқынының өкілі, марқұм Александр Починок, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыру үшін мынадай жүйе ұсыныпты. Оның мазмұны былай.

Салықты азаматтардың жалақысы есебінен автоматты ұстап қалмау керек. Салықты азаматтар кассаға апарып, өздері төлеу керек. "Мынау - полицияға, мынау - жедел жәрдемге, мынау - әкімшіліктің жалақысы үшін" деп. Сол кезде барып азаматтардың талабы күшті болады, сол кезде барып олар талап етуге толық хақысын сезінеді.

Ал сіз осындай жүйеге келісер ме едіңіз? Айталық, егер сіз жедел жәрдем үшін салық төлемесеңіз - оны шақыруға хақыңыз болмайды. Бірақ төлеген жағдайда - барлық құқыңызды талап ете аласыз. Төменде дауыс беру арқылы пікіріңізді білдірсеңіз болады.

[polldaddy poll=8974830]

Ерлан Оспан

Сұхбат

PhotoRoom