Президент өзінің мұрагері жоқ екенін жеткізді

Жаңалықтар
28.07.2015, 11:49

Президенттің ешқандай да мұрагері жоқ. Демек, елде «мұрагерлік» операциясы жүргізілмейді.

Бұл туралы Мемлекет басшысының өзі мәлім етті. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Құранда және басқа кітаптарда айтылғандай, халық қандай болса, басшысы да сондай болмақ. Сондықтан президентті халықтың өзі таңдайды» деді. Оның айтуынша, оның міндеті – қалған 2 жылын абыроймен атқару. Ол сондай-ақ, «мен өзімді болашақта премьер немесе спикер ретінде елестете алмаймын. Келесі президент алаңсыз жұмыс істеуі үшін мен оған кедергі келтірмеймін» деп атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom