Қашағанның жайы құпия талқыланған

Жаңалықтар
18.04.2014, 09:49

Астана, 18 сәуір.

Қашаған кенішінің жайы Үкіметте жабық режимде талқыланды.

"Біздер бейсенбі күні Қашаған жобасына қатысушы инвесторлардың Үкімет мүшелерімен кездесетінін білгенбіз. Екі күн бұрын кездесудің форматын, уақыты мен талықланатын мәселелерді білмек болып едік. Бізге мәжілістің жабық режимде өтетіні айтты. Кездесуден кейін брифинг те болмады, қорытынды пресс-релиз де таратылмады. Әйтеуір бір жатқан құпия" - дейді тілшілердің бірі.

Отырыстың қорытындысы бойынша айтарлықтай шешім шықпаған. Инвесторлар Қашағандағы мұнай өндірісінің биыл жандануын күтпеуді мәлімдеген. Құрлықтағы құбырлар жөнінде қандай да бір айқындық болса, оның теңіздегі бөлігін зерттеуге мұз қабатының жылжуын күту керектігін ескерткен.

Естеріңізге сала кетсек, Қашағандағы мұнай өндірісі қиындықтарға тап келген болатын. Және бұл қиындықтар Қашаған кенішінен гөрі, акционерлер арасындағы түсініспеушілік болып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom