Қазақ тілін дамытуға үлес қосып жатқан жобалар талданады

Жаңалықтар
30.07.2015, 15:18

Ертең ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (КИСИ) ғимаратында «Ақпараттық-коммуникациялық технология және мемлекеттік тіл» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараны «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесе ұйымдастырады.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің ақпараттық-комуникациялық технологияға бейімділігі талқыланады.

Екіншіден, қазақ тілін дамытуға үлес қосып жатқан әртүрлі жобаларға талдау жасалады.

Үшіншіден, Қазақстанның интернет кеңістігінде жұмыс істейтін сайттардың санына, сапасына, контентіне мониторинг жасалады. Олардың қаншасы қазақ тілінде ақпарат тарататынына және сайттардың мазмұндарына талдау жүргізіледі.

Қорытынды мәліметтер бойынша арнайы сараптамалық материалдар дайындалады.

Шараға ҚР орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметкерлері, мемлекеттік тілді дамыту институттары мен мекемелері, қорлары, тіл жанашырлары, ақпараттық технология мамандары қатысады.

Одан бөлек, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың, жоғары оқу орындарының ресми веб-сайтындағы қазақ тілді мәліметтердің дұрыс толтырылуын қадағалайтын til-audit.kz сайтының тұсау кесері өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom