Үкіметтің ықшамдалғанына жылға жуық уақыт өтті

Сараптама
03.08.2015, 13:06

Үкіметтің ықшамдалып, қайта құрылымданғанына да бір жыл уақыт өтіпті. Дәлірек айтқанда 2014 жылдың 6-тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық етіп, былай деген болатын:

«Қазір мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру талап етіліп отыр. Жинақы үкімет қажет. Бізге өзімізге қажеттіден артық шенеуніктікті орнатудың қажеті жоқ. Үкіметтің әр отырысы апта сайын 50-60 қаулы қабылдайды. Үкіметтің 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына, 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы жөнінде шешім қабылдадым. Айырмасын түсініп отырсыздар ма? Тоғыз агенттіктің бәрі комитеттер түрінде министрліктердің құрамына енеді».

Одан бері қанша су ақты, қанша таң атты. Дәл сол күнге дейін Қоршаған ортаны қорғау министрлігін басқарып келген Нұрлан Қаппаров наурыз айының соңында Қытай астанасында көз жұмды... Қазатомөнеркәсіпті басқарып жүргенде жүрек талмасынан қайтыс болған Н. Қапаровқа Президент  «мен саған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын» , дегенде, «Қазатомөнеркәсіп»? Қызық болар ед», — деген еді ол...

капаров

Сол жиында «Төтенше жағдайлар министрлігіне өзге елдердегі сияқты Ішкі істер министрлігінің функциясы мен өкілеттігі беріледі. Бұл жерде Қалмұханбет Қасымов министр болып тағайындалады. Божко оның орынбасары болып, бұрынғы жұмысын жалғастыра береді. Жақсы жұмыс істедің, Владимир Карпович, ескерту жоқ. Сен әлі егде емессің, бәрі алда», — деген болатын Президент. Төтенше жағдай жеке министрлік болса да, ІІМ құрамына кірсе де, елдегі төтенше жағдайларды еңсере алмау, алдын алуға үлгермей қалу сияқты жағдайлар сол күйінде қалып отыр. Киіктің қырылуы, Алматы халқының бір түнде қаладан "көшіп" кетуіне түрткі болған төтенше оқиғалар Божкоға ықпал ете алмай келеді. Алматы қаласының халқы ақпарат жетіспегендіктен үрейленді. Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы ғана әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды сабырға түсірді.

божко

Мәдениет министрі боп қана жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы осыдан бір жыл бұрын құзіретін кеңейтіп алған еді. Спорт, дін, мәдениеттің бәрі Мұхамедиұлына қарады. Дін мәселесі ушыққан күйінде қалды. ДАИШ құрамына кеткен қазақтардың саны артпаса кеміген жоқ. Алматыда кәсіпкердің ақшасын алу арқылы Сирияға кетпек болғандар ашық бой көрсетті. Алайда, бұған дейін өнерге қатысты Академияны басқарып келген Мұхамедиұлының дін мәселесіне бас ауыртқан кезін байқамадық. Есесіне әнұран кезінде телфоны мен қос өкпесін қолына ұстап жүгіруге тура келетін сәттері көбейді. Себебі оған спортшы да болу шарт. Спорт демекші, 2022 жылғы ақ Олипиаданы өткізу құқығы қол созым жерден бұйырмай қалды. ЭКСПО көрмесіне шетелден әнші шақырамын деп президенттен сөз естіп қалғаны тағы бар.

мухамедиулы

Бұл жекелеген ьұлғаларға қатысты шолуымыз еді. Жалпы бұл ықшамдаудан «біз не ұттық, неден ұтылдық?» деген сауалды сарапшыларға жолдайтын боламыз.

Сұхбат

PhotoRoom