Зейнетақыға жинап жатқан қаржыңыздың 10 пайызы мұраға қалдырылады

Жаңалықтар
06.08.2015, 14:11

Қазақстандықтардың 10 пайыздық зейнетақалық жарнасы есебінен жиналған қаржы мұраға қалдырылады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр Светлана Жақыпова мәлім етті. 

«Атап айтқанда, адамдардың зейнетақы қорына жинаған 10 пайыздық жарнасы мұраға қалдырылады. Еңбекақыдан ұсталып отырған, яғни, жеке зейнетақылық есепшотыңызда жатқан қаржы әр адамның мұрасы», - деді вице-министр.

С.Жақыпованың сөзіне қарағанда, заңнамада бұған қатысты ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Салымшы кенеттен дүние салған жағдайда, осы қаржы жақындарына мұра ретінде қалдырылады.

«Ал жұмыс беруші аударатын 5 пайыздық жарналар мұраға жатпайды», - деп нақтылап өтті С.Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту; жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу; күш құрылымдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстыру секілді нормаларды қамтып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom