«Жас ұлан» республикалық мектебінде жаңа қағидалар

Жаңалықтар
07.08.2015, 14:15

Биыл армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерді қабылдауды жаңа ережелер бойынша жүзеге асырады.  Енді әскери мектепке жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білімі туралы куәлік алған жеткіншектер (бұдан бұрын іріктеу 7 сыныптан жүргізілді) оқуға түсе алады.

«Жас ұлан» мектебіне түсу үшін жасөспірімдерге кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы тексерісі мен медициналық куәландырылудан өту қажет. Қабылдау кезеңдерін сәтті өту соңғы байқау іріктеуіне өтуді қамтамасыз етеді. Мұнда үш кезең мен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайы нәтижелеріне сәйкес қабылдау комиссиясы негізгі рейтингтік балл шығарады және оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Байқау іріктеуін бозбалалар тікелей «Жас ұланда» өтетінін айта кетейік. Сондықтан 10 тамызда олар еліміздің әр өңірінен Астанаға келеді.

«Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді терең оқытатын, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығы бар жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Құрылған күннен бастап және қазіргі күнге дейін мектеп ұландардың 13 шығарылымын жүзеге асырды. Биылғы жылы «Жас ұлан» қабырғасынан 75 жеткіншекті шығарып салу рәсімі өтті. 2013-2014 жылдары мектепті 122 ұлан тәмамадады. Бүгінде олардың барлығы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қытай, Украина, Түркия, Германия Қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарының қазақстандық курсанттары болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom